Бас мүфти дәстүрлі ислам туралы: Біздің ата-бабамыз әлем мойындаған ғалымдар болған
ҚМДБ төрағасы жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керектігін айтты.Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының пікірінше, Ислам діні халықтың салт-дәстүрімен бірігіп кеткен. Сондықтан, қазір жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керек.
Бұл туралы ол Өзбекстанда өткен халықаралық форум кезінде ҚазАқпарат агенттігі тілшісінің сауалдарына жауап беру кезінде айтқан.
"Жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керек. Осылайша, біз қатердің алдын аламыз. Қазір ақпараттық технологиялар дамыған заман. Осыған байланысты зерттелген, анықталған шынайы ақпаратқа еруіміз керек. Біздің ата-бабамыз әлем мойындаған ғалымдар болған. Тиісінше, солардың сара жолын ұстанып, салт-дәстүрден ажырамау маңызды", – деді ҚМДБ төрағасы.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады
Бас мүфтидің сөзінше, Астана қаласында өткен халықаралық форумда "Ислам жергілікті халықтың дәстүрін қолдайды" атты құжат қабылданған.
"Бұл – ислам діні әр ел тұрғындарының ғұрпын сақтауды құптайтынын айғақтайды", – Наурызбай қажы Тағанұлы.