Көп жасаған адамдар жиі жейтін өнімдер белгілі болды. Бұл туралы En son haber басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, фундук – миға өте пайдалы өнімдердің бірі. Оның құрамы Е және В6 витаминдеріне бай.

Сонымен қатар дәнді-дақылдар да ағзаға пайдалы, өйткені олар ішек денсаулығын қорғайды, қан қысымын қалыпқа келтіреді, сондай-ақ қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі.

Ұзақ өмір сүруге әсер ететін тағы бір тағам – банан. Ол есте сақтауды жақсартып, ас қорытуды жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.


Оқи отырыңыз: Мектеп тағамдарына оқушы мен ата-ананың көңілі тола ма?


Тағамдар тізімінде ішінде ноқат та бар. Оның құрамында А, С, Е, К витаминдері, фосфор, калий, кальций, темір және магний бар.

Пайдалы тағамдар бестігін қара бұршақ түйіндейді. Онда А, В2, В6 және В9 дәрумендері көп. Сондай-ақ, бұршақтың бұл түрі холестеринді төмендетуге әсер етеді.