Ұлттық қордың активтері 1% азайып, 59,4 млрд долларды құрады. Бұл төмендеу "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасы бойынша міндеттемелерге байланысты, деді Үкімет отырысында ҚҰБ төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Қаңтар айында инвестициялық кіріс 0,11 млрд долларды құрады. Қаңтар айындағы түсімдер 472 млрд теңгені құрады, оның ішінде ұлттық валютада 31 млрд теңге.


Оқи отырыңыз: 1 ақпаннан бастап ұлттық қордан балаларға қаражат аударыла бастайды


Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылған трансферттердің көлемі 600 млрд теңгені құрады.