Павлодарда 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптады деп айыпталған балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Сотта анықталғандай, тәрбиеші балаларға жүйелі түрде күш көрсеткен. Айыптау тарапының мәліметінше, ол бүлдіршіндерді ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психологиялық зардап келтірген.

Прокурор сот барысында тәрбиешінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынып, ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, неғұрлым ауыр айып тағылғанын мәлімдеді.

"Сот үкімімен әйел 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу кейінге қалдырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.