USD: 474.9 / 477.7
  • EUR: 555.0 / 560.0
  • RUB: 6.29 / 6.41
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

"Балалардың шашынан тартып, ұрып-соққан". Павлодарда балабақша тәрбиешісі сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
16 баланы қорлаған тәрбиешіге педагог болуға тыйым салынды.

Павлодарда 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптады деп айыпталған балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Сотта анықталғандай, тәрбиеші балаларға жүйелі түрде күш көрсеткен. Айыптау тарапының мәліметінше, ол бүлдіршіндерді ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психологиялық зардап келтірген.

Прокурор сот барысында тәрбиешінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынып, ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, неғұрлым ауыр айып тағылғанын мәлімдеді.

"Сот үкімімен әйел 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу кейінге қалдырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз