Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және  11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда  әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Әзербайжан авиакомпаниясының бортында 25 желтоқсан, сәрсенбі күні таңертең төтенше жағдай туралы сигнал берілді. Әуе кемесі сол кезде Каспий теңізінің үстінде болған.