Ашық НҚА порталында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЖОО-ға оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды. 

Құжатта оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері айқындалды: 

  • І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5%;
  • ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35%;
  • ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4%;
  • жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары үшін – 1%;
  • ҚР үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтары үшін – 5%;
  • кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5%;
  • кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%.

Оқи отырыңыз: 2023 жылдан бастап өңірлік жоғары оқу орындарына квоталық гранттар беріледі


Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қоғамдық талқылау мерзімі 15 мамырға дейін жалғасады.