Прямой эфир Новости спорта

2023 жылдан бастап өңірлік жоғары оқу орындарына квоталық гранттар беріледі

Олардың игеру жауапкершілігі жоғары оқу орындарының өздеріне жүктеледі.

2022 жылы батыс өңірлерге бөлінген 10 мың оқу грантының 2500-і ғана игерілген. Осыған орай биылдан бастап әр өңірдегі жоғары оқу орнына квоталық гранттар беріледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

"Ақпараттық жұмыс шынымен әлсіз. Биыл әр ауданға барып, қандай гранттар бар екенін халыққа түсіндіріп жатырмыз. Енді жыл сайын өңірдегі оқу орындарына гранттар бөлініп, оларға сол оқу орны жауапты болады. Яғни, өздері түлектермен жұмыс істеп, гранттарды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді" – деді Саясат Нұрбек.


Оқи отырыңыз: Ғылым қорынан берілетін грант сомасы 2 есеге жуық артады. Оны кімдер алады?


Министрдің айтуынша, грант көлемін ұлғайта беру тиімсіз. Сондықтан, қазіргі таңда жеңілдетілген несие жүйесі қаралып жатыр.

"Елімізде "Ақыл" жинақтаушы жүйе мен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бар. Содан түскен қаражатты жоғары білім алуға немесе баспана алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ, 2-3 пайыз жеңілдетілген несие жүйесін пысықтап жатырмыз. Мұнда әр отбасы ай сайын бір айлық көрсеткіш есебінде (2023 жылы – 3450 теңге) баласына төлеп тұрса, мемлекеттен жинақталған ақшаны қосып, баласын оқу орнына түсіре алады. Егер баланың бес жасынан бастап жинаса, мектеп бітіргенше 6,5 млн теңге ақша жиналады" – деді ғылым және жоғары білім министрі.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары