Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер туралы айтты.

"Құрылыс салушыларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылымның бәрін тиісті түрде жүргізу, аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндеттерін жүктедік. Биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспарын қайта қарадық. Жасыл желектердің санын 2,5 есе арттырдық", – деп жазды қала әкімі Instagram парақшасына.


Оқи отырыңыз: Астанада тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдейді.


Осылайша, жеке құрылыс салушылар өздерінің тұрғын үй кешені аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады.

"Алғашқы кезеңде 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Сол сияқты аулаларды абаттандыру бойынша да талаптар бар. Біз өз тарапымыздан қаланы абаттандыру жұмысын ары қарай жалғастырамыз. Биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 165-тен асады", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Қазақстан баспана қолжетімділігі бойынша 44-орында.


Оның айтуынша, Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік бойында жаяу жүргіншілерге арналған променадтар ашылса, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды.