Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы негізгі даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын яқталады деп жоспарланып отыр.

Әл-Фараби даңғылындағы жолдың оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал солтүстік жағымен Достық даңғылынан Дулати даңғылына дейін асфальтбетон жабыны төселіп көлік қозғалысы ашылды. Соңғы бөлікті жөндеу жұмыстары ауа-райы қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Ауа-райы қолайлы болған жағдайда 14 тамыз сағ.23:00-ден 16 тамыз 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының соңғы Дулати даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Жөндеу аумағын Торайғыров және Мұстафин көшелерінің бұрылыстары мен айналма жолдары арқылы айналып өтуге болады.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтарды қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларынан көруге болады.


Оқи отырыңыз: Жол жөндеу жұмыстары: Алматыда 3 күн бойы қай жолдар жабық болады.


Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 15 тамыз күні келесі бағыттардың сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі:

№34: солтүстік бағытта "А/С Арман" КП - дан басталуы – Жароков көшесі – Әл - Фараби даңғылы – Навои көшесі– Торайғыров көшесіі – Мұстафин көшесі. Бұдан әрі кесте бойынша; Оңтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№86: батыс бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы – К/П-ны "Арман А/ С" аялдама пунктіне көшіру; шығыс бағытта - "Арман А/С" К/ П-дан басталуы – Әл-Фараби даңғылы – әрі қарай кесте бойынша;

№28: солтүстік бағытта – Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – әрі қарай кесте бойынша; Оңтүстік бағытта - "Біржан көшесі" КП – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы – одан әрі кесте бойынша;

№67: оңтүстік бағытта Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы. Бұдан әрі кесте бойынша; Солтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№135: солтүстік бағытта  Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі –Торайғыров көшесі-Мұстафин көшесі – бұдан әрі кесте бойынша; оңтүстік бағытта – Навои көшесі-Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – Әл - Фараби даңғылы. Бұдан әрі кесте бойынша;

№32: солтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі. Бұдан әрі кесте бойынша; Оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі –Әл-Фараби даңғылы. Бұдан әрі кесте бойынша;

№103: солтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі –Мұстафин көшесі. Бұдан әрі кесте бойынша; Оңтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№63: батыс бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Бұдан әрі кесте бойынша; Шығыс бағытта Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы. Бұдан әрі кесте бойынша;

№119: оңтүстік бағытта Мұстафин көшесі – Торайғыров көшесі – Саин көшесі - Асқаров көшесі – Бұдан әрі кесте бойынша; Солтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№38: батыс бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Саин көшесі. Бұдан әрі кесте бойынша; Шығыс бағытта – өзгеріссіз;

№15: солтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – Бұдан әрі кесте бойынша; Оңтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№98: батыс бағытта Әл-Фараби даңғылы – Навои к-өшеі – Торайғыров көшесі – Саин көшесі – Рысқұлбеков көшесі. Бұдан әрі кесте бойынша; Шығыс бағытта Рысқұлбеков көшесі – Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғ. Бұдан әрі кесте бойынша;

№121: - оңтүстік бағытта Навои көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Розабакиев көшесі – Әл-Фараби даңғылы; Бұдан әрі кесте бойынша; Солтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№ 211: оңтүстік бағытта – Әл-Фараби даңғылы – Навои көшесі-Торайғыров көшесі-Мұстафин көшесі – Әл-Фараби даңғылы; Бұдан әрі кесте бойынша; Солтүстік бағытта – өзгеріссіз.

Еске сала кетсек, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. 8-10 жыл пайдалануға болады.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жол жөндеу бойынша ақпарат жарияланатын Telegram каналы ашылды.