Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағандыда автокөлік жолдары жабылды
Ешқандай көлік жүре алмайды.14 қазан күні таңертең Ресей – Алматы тасжолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Қарағанды облысының Ресей – Екатеринбург тасжолында барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелген.
"2024 жылғы 14 қазанда сағат 08.30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы(Екатеринбургке) -Алматы" автожолының 1610-1855 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы - Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада.