Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Ақмола облысында келесі автожол учаскелері жабылды:

  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
  • "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0–61 шақырымы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 2–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысында мына жол бөліктерінде қозғалыс шектелді:

  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341–367 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Келлеровка ауылы);
  • "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61–91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейін);
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 50–85 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Аталған жолдарды бүгін сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда да қозғалыс шектелді. Атап айтқанда:

  • "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8–108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Әулиекөл ауылы).

Бұл жолдарда қозғалысты бүгін сағат 15:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.