Қазақстанда 10 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық тасжолдардың мына учаскелерінде қозғалыс шектелді:

  • Солтүстік Қазақстан облысында сағат 09:00-ден Жезқазған-Петропавл тасжолының 719-дан 785 шақырымға дейінгі учаскесінде (Новоишимское ауылынан Сергеевка қаласына дейін), ашудың болжамды уақыты – 15:00-де;
  • Жетісу ауданында сағат 10:00-ден Сарыөзек-Көктал учаскесінде, 40-68 шақырымға дейін (Алтынемел асуы), ашылудың болжамды уақыты – 14:00.

1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тәуліктің кез келген уақытында қосымша ақпаратты ала аласыз.