Ауа райына байланысты қай өңірлердің мектеп оқушылары қашықтан білім алады
Мәселен, Астанада бастауыш сынып оқушылары үшін екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан өтетін болады.Облыстық білім басқармаларының мәліметінше, қарлы боран мен аязға байланысты қазақстандық оқушыларды қашықтан оқытуға жіберу жалғасуда.
Астанада бастауыш сынып оқушылары екінші ауысымда онлайн оқиды.
Қостанай мен Ақмола облыстарында мектеп оқушылары таңғы уақытта онлайн оқиды. Шығыс Қазақстан облысының аудандарының көпшілігінде де осындай жағдай орын алып отыр, кей жерлерде бұл жоғары сынып оқушыларына да қатысты.
Абай облысында бүгін Семей қаласының, Жарма, Ақсуат, Көкпекті аудандарының оқушылары мектепке бармай қалды. Павлодарда бастауыш сынып оқушыларына арналған офлайн сабақтар тоқтатылды.
Оқи отырыңыз: Боранға байланысты Қазақстанның бірқатар аймақтарында ІІ ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
"Қазгидромет" РМК ақпан айының ортасына қарай Қазақстанның солтүстік жартысы арктикалық антициклонның ықпалына түсіп, жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады деп болжап отыр.