Атырау облысында Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Іс қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу фактісі бойынша қозғалды. 9 қараша күні Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.


Оқи отырыңыз: Қосшыда 190 миллион теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды