Махамбет ауданы Талдыкөл елді мекеніндегі төтенше жағдайға байланысты ауыл тұрғындарын жалпы түрде эвакуациялау 25 мамырдан бастап жүргізілді. Олар Халел осмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және APEC Petrotechnic жоғары колледжінің жатақханасына орналастырылды, деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

"Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші жатақханасына 19 бала, 11 ересек, барлығы 30 тұрғын орналасты. Тұрғындар 3 мезгіл тамақпен, қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бұлардан бөлек тағы эвакуацияланатын халық үшін осы жатақханада 450 орын дайын тұр", – деді Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Дулат Хамзин.

Бүгінде университет жатақханасында орналасқан тұрғындарға 2 дәрігер, 2 фельдшерден құрылған дәрігерлік бригада мед.көмек көрсетуде. Олар таңғы сағат 8-ден түңгі 12-ге дейін жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі таңда Талдыкөл елдімекенінен қалаға эвакуацияланған тұрғындар саны – 219. Оның 82-сі ересектер болса, балалар саны 137-ні құрайды.


Оқи отырыңыз: Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды