FlyArystan әуе компаниясының Атырау-Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшағы Қызылордаға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компанияcының баспасөз қызметі хабарлады. 

"1 шілде күні сағат 7:00-де Атырау-Алматы бағытында ұшып шыққан КС7196 рейсі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлап, Қызылорда қаласына мәжбүрлі түрде қонды. Жолаушы Қызылордадағы медицина мамандарының қарауына тапсырылды. Бортқа жанармай құйылды, енді ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр", – деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметінен.