USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Атырау-Алматы бағытымен ұшқан ұшақ Қызылордаға қонуға мәжбүр болды 

Атырау-Алматы бағыты бойынша ұшқан рейстегі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлаған.

FlyArystan әуе компаниясының Атырау-Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшағы Қызылордаға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компанияcының баспасөз қызметі хабарлады. 

"1 шілде күні сағат 7:00-де Атырау-Алматы бағытында ұшып шыққан КС7196 рейсі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлап, Қызылорда қаласына мәжбүрлі түрде қонды. Жолаушы Қызылордадағы медицина мамандарының қарауына тапсырылды. Бортқа жанармай құйылды, енді ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр", – деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметінен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау