Аты шулы "Айка тізімін" жасаған блогер алты жыл алты айға бас бостандығынан айырылды
Ол өзінің сыбайласымен бірге ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын қыздарды іздеп, қалталы клиенттерді тартумен айналысқан.Сотталушыны ұстау кезінде полиция қызметкерлері сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сот барысында азаматша өз кінәсін мойындады. Ал серіктесі бұл қылмысты жоққа шығарған. Десе де, сот оны 3 жыл 8 айға соттады.
Оқи отырыңыз: Антикор "Айка тізімі" бойынша істі тергеп жатқанын растады
Айта кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде "Айканың тізімі" деген тізім шыққан еді. Онда түрлі өнер жұлдыздары мен танымалі адамдардың да есімі жазылған болатын.