Сотталушыны ұстау кезінде полиция қызметкерлері сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін блогер Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес және жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Сот барысында азаматша өз кінәсін мойындады. Ал серіктесі бұл қылмысты жоққа шығарған. Десе де, сот оны 3 жыл 8 айға соттады.
Оқи отырыңыз: Антикор "Айка тізімі" бойынша істі тергеп жатқанын растады
Айта кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде "Айканың тізімі" деген тізім шыққан еді. Онда түрлі өнер жұлдыздары мен танымалі адамдардың да есімі жазылған болатын.