Астанадағы Талдыкөл маңында жайлы мектеп салынады
Астана әкімінің айтуынша, Талдыкөл айналасында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ.Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Талдыкөл маңындағы құрылыс жұмыстарына қатысты тағы да түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
"Егер Талдыкөл маңындағы 5-ші жер учаскесі туралы айтып отырсаңыз, оның көл аумағына ешқандай қатысы жоқ, арасы бірнеше шақырым. Биыл қаңтарда желіде тараған видеоға келсек, бір ғана тұрғын үйдің құрылысы, ол жерде тұрғын үйлер кешені салынбайды. Ол бойынша қажет жағдайда мәселені сот тәртібімен шешетін боламыз", – деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Астана әкімінің айтуынша, Талдыкөл айналасында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ.
Оқи отырыңыз: Тал мен Талдыкөл
"Көлге жақын жерде жайлы мектеп салу жоспарлануда, бірақ бұл халықтың сұранысы бойынша. Ал бұған дейін айтылған саябақ жобасы іске асырылады. Оған биыл бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер ұйым белгіленді. Былтыр қарашада саябақ жобасына қатысты эко-белсенділерден қосымша ұсыныстар берілді, біз оларды қараймыз. Ellington тұрғын үй кешенінің 5 учаскеге қатысы жоқ. Көл жағалауына тұрғын үй кешені салынып жатқан жоқ, құрылыс жұмысы тоқтатылды", – деді ол.