Астанадағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары қамалды
Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.Астана әкімдігінің Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр. Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Олар 2020-2023 жылдар аралығында республикалық, шетелдік оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы бюджет қаражатын жымқырып келген. Заңсыз қаражатты мекеме басшылығы алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын – 70 млн теңге", – делінген хабарламада.
Дирекция басшылығы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге пара алғаны да анықталды.
Оқи отырыңыз: Қытай сыбайлас жемқорлықпен қалай күресті?