Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы талдау барысында мектеп мекемесінің 133 мұғалімі мен жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын бұзғанын анықтады. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы жазды.

"2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді", – деп жазылған хабарламада.

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 миллион теңгеден астам жалақы төленді. Жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушылар бұрынғы түрме ғимаратында оқып жатыр. Жаңа мектеп салынуы тиіс жерлер кәсіпкерлердің меншігінде