Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаске (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) толығымен жабылды. Балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы.

Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Тұрғын алаптардағы жабық көшелер:

  • Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
  • Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;
  • Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
  • Жарсуат көшесі – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;
  • Абат-Байтақ көшесі – К.Байсеитова көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін.

Ішінара жабылған көшелер:

Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);

Б.Момышұлы даңғылынан Мәңгілік Ел және оң жағындағы Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскедегі "Арқар" көпірі. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да сол жақта қамтамасыз етілген;

Тұран даңғылының Бұқар жырау көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін және Ұлы Дала даңғылынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейін. Қозғалыс ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында ішінара жабық. Тұран/Ұлы дала қиылысының өзі ашық. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) қамтамасыз етілуде.


Оқи отырыңыз: Астананы айналып өтетін бағыттың бір бөлігі жөнделе бастады