Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаске (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) толығымен жабылды. Балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы.
Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі.
Тұрғын алаптардағы жабық көшелер:
- Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;
- Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Жарсуат көшесі – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;
- Абат-Байтақ көшесі – К.Байсеитова көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін.
Ішінара жабылған көшелер:
Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);
Б.Момышұлы даңғылынан Мәңгілік Ел және оң жағындағы Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскедегі "Арқар" көпірі. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да сол жақта қамтамасыз етілген;
Тұран даңғылының Бұқар жырау көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін және Ұлы Дала даңғылынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейін. Қозғалыс ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында ішінара жабық. Тұран/Ұлы дала қиылысының өзі ашық. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) қамтамасыз етілуде.
Оқи отырыңыз: Астананы айналып өтетін бағыттың бір бөлігі жөнделе бастады