Астанада жатақхана өртеніп, бір адам зардап шекті
Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілді.Астана қаласының Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері үш автобус пен троллейбус өртеніп кетті. Тек бір көлік қалпына келтіріледі
Зардап шеккен адам бар.
"Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді", – делінген хабарламада.