Өрттің шығу себептері әр жағдайда әртүрлі.
Алматыда жыл басынан бері үш автобус пен бір троллейбус өртенді. Олардың бірі 1 жыл ғана жұмыс істеді, деп хабарлады мегаполистің қалалық ұтқырлық басқармасы.
Өртенген автобустар мен троллейбус:
- 2023 жылы шыққан Foton автобусы. Ол №95 бағыт бойынша жүрген. Өрттің шығуына автобус үстіндегі жоғары вольтты байланыс желісінің үзілуі себеп болған. Денеге тиген кезде қысқа тұйықталу пайда болды. Көлікті қалпына келтіруге болады.
- 2018 жылы шығарылған "ПАЗ 320435-04" автобусы, №133А бағыты бойынша қатынайтын. Өрттің шығуына электр тоғынан шыққан тұтану себеп болған (ұшқын пайда болды – Автор). Автобусты қалпына келтіру мүмкін емес, ол есептен шығарылады;
- 2013 жылы шығарылған Youngman JNP612OGDZ троллейбусы №7 бағыт бойынша жүрген. Өрт жылу жүйесінің сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Троллейбус есептен шығарылады;
- 2018 жылы шығарылған "МАЗ-203069" автобусы. №89 бағыт бойынша жүрген. Өрттің шығу себебі –қысқа тұйықталу. Автобусты жөндеу мүмкін емес.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды
"Қаланың жер бедері көліктердің тозуына аз әсер етеді, алайда бұл фактор бағыт тарифін белгілеу және маршрутты ұстауға субсидия төлеу кезінде ескеріледі", – деп жауап берді басқарма редакцияның сауалына.