Астанада тұратын ардагерлер 5 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек алады
Ол КСРО әскерін Ауғанстаннан шығаруының 15 жылдығына орай қолға алынып отыр.Биыл 15 ақпанда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығарғанына 35 жыл толады. Соған орай, Астана қаласының мәслихаты ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушыларға әлеуметтік көмек беру туралы шешім шығарды.
"Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 35 жылдығына (2024 жылғы 15 ақпан) орай Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін", – делінген шешімде.
Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Ардагерлер мен зейнеткерлер санаторийге қалай тегін жолдама ала алады? Түсіндірме