Астанада тоғыз автобустың бағыты өзгерді
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты тоғыз автобус бағытының қозғалысы өзгерді.City Transportation Systems баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустардың қозғалыс бағыты жол жөндеу жұмысы аяқталғанға дейін жалғасады.
"Жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №1, 3, 20, 23, 25, 32, 37, 45, 52 бағыттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгертілді", – деп жазылған баспасөз хабарамасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрастырылған су жаңа автобустар бір жылға жетпей бұзылып жатыр.
Еске салсақ, Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көшедегі жол жөнделетіні туралы хабарлаған едік. Бұл мақсатта бюджеттен 735 миллион теңге бөлінді.