Астанада Тәуелсіздік күніне орай отшашу бола ма
Елордада мерекелік шаралар өтеді.
Астанада биыл Тәуелсіздік күні отшашу болмайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алайда мерекелік шаралар өтеді.
"Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спорттық жарыстар өтеді", – делінген хабарламада.
Әдетте, бұл мерекеде демеушілердің қаржысына отшашулар өткізу дәстүрге айналған. Ал 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында үш нысанда бір мезгілде отшашу атылды.