Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 100 мың тоннадан аса қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Елорданың әр ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қаладағы және елорданың іргелес аумақтары бойынша 223 учаске (338-ден) - 67% жойылды, 100 мың тоннадан аса қоқыс (8 500 рейс) шығарылды. Оның ішінде Алматы ауданында 61 учаске (62-ден), Байқоңыр ауданында – 44 учаске (46-дан), Есіл ауданында 84-тен 39 учаске, Сарыарқа ауданында 23-тен 22 учаске және Нұра ауданында 120-дан 54 учаске жойылды.

Жұмыстарға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.


Оқи отырыңыз: Экологтар Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне резерват мәртебесін беруді ұсынып отыр


"Жергілікті полиция қызметі өткен жылы абаттандыру ережелерін бұзған 17 мың адамды анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-тің 505-бабына сәйкес, 70 млн теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ, экология департаменті экологиялық талаптарды бұзушыларға 1 млн 300 теңге сомасында айыппұл салды" – деп жазылған хабарламада. 

Биыл Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиналатын орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін жалпы бейнебақылау камераларының саны ұлғайтылды.