Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке әдеттегідей Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ алдындағы алаңда өтеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларынан 50-ден астам кәсіпорын сататын болады.

Облыс кәсіпорындары 400 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр:

  • мал еті – 51 тонна;
  • сүт өнімдері – 35 тонна;
  • шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттары – 23 тонна;
  • жарма мен макарон өнімдері – 30 тонна;
  • картоп пен көкөніс – 70 тонна;
  • ұн – 50 тонна;
  • нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және т.б.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.


Оқи отырыңыз: Қазанның соңына дейін жалғасады: Астанадағы жәрмеңкеде қай өңірлер өз өнімін ұсынады?


Елорда қонақтары мен тұрғындарына мынадай өнімдер ұсынылады: 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері, 17 мың жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан арзан сатылады.