Астанада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті.

"Бүгіннен, яғни 31 қазан, сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпост қойылды. Бұл шара азаматтардың құжатын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністік танытуларыңыз сұралады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның екі өңірінде ғана әйелдерге қарағанда ерлер көп. Ол – Қызылорда мен Түркістан облысы