Астанада Назарбаев университетінің студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап, қаза болды
Астанадағы Назарбаев университетінің студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап, қаза болды. Университет әкімшілігі деректі растады.
"Біздің кампус аумағында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлаймыз. Университет марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Біз төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарын жұмылдырдық. Қазір студенттерге де, қыздың жақындарына да психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр", – делінген оқу орнының ресми хабарламасында.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ресми дерекке сәйкес, марқұм 22 жастағы студент қыз болған. Ол жатақхананың 12-қабатынан құлап, оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бейресми дереккөздер қыздың өз-өзіне қол жұмсауына жеке қарым-қатынастар себеп болуы мүмкін екенін айтады.