Назарабев университетінде басшылық лауазымдардан бастап, оқытушылар құрамына дейін отандық кадрмен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі таңда басшылықтың шамамен 80 пайызын қазақстандық менеджерлер құраса, профессор-оқытушылардың 30 пайызын отандық мамандар құрайды. Бұл мәліметтер үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
"Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде басшылық лауазымдардың шамамен 80 %-ын (90 лауазымның 72-сін) атқарушы вице-президент пен басқа үш вицепрезидентті, вице-провосттарды, декандарды және университеттің басқарушы кеңесіне кіретін департамент директорларын қоса алғанда, қазақстандық мамандар атқарады. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамындағы қазақстандық педагогтардың үлесі университет құрылған сәттен бастап 10 % болса, қазіргі уақытта 30 %-ға дейін өсті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда", – делінген премьер-министрдің жауабында.
Сондай-ақ, қлттық кадрларды дамыту бағдарламаларына қатысу нәтижесінде "Болашақ" бағдарламасының түлектері университет қызметкерлерінің жалпы санының 12 %-ын (143 адам) құрайды (1198 адам).
"Назарбаев Университетінің 2018-2030 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Университеттегі басшылық позициялардағы қазақстандық кадрлардың үлесін арттыру мақсатында шетелдегі жетекші университеттерде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдарды қоса алғанда, жоғары білікті отандық мамандарды іріктеу тетіктері жетілдірілуде. Кадрлардың кәсіптік және мансаптық өсуін қолдау үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары енгізілді, қызметкерлердің ғылыми қызметі мен жарияланымдық белсенділігіне және олардың халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына қатысуына қолдау көрсетіледі, материалдық және материалдық емес көтермелеу жүйелері қолданылады, тұрғын үй беру мүмкіндігі көзделген", – деп жауап берді Олжас Бектенов.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

