Астанада мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұсылман ақсақалдар кеңесі – тәуелсіз халықаралық ұйым. 2014 жылы құрылған институт мұсылман қауымдастығына бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттайды. 


Оқи отырыңыз: Астанада үздік бата берген ақсақалдар марапатталды


Еске салайық, Әбу Дабиде өткен толеранттылық тақырыбындағы форум кезінде Қазақстанда мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігін ашу туралы келісім жасалған еді.