Астанада көктайғақ: апта басынан бері көшеде 600 адам дене жарақатын алды
Тұрғындар мұз басқан жаяу жүргіншілер жолында тайғанаған және тепе-теңдікті сақтай алмай қалған.Астанада осы аптада ауа райы қиын болды, соның салдарынан жарақат алғандар саны артты, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
"12 ақпаннан бері елорданың жедел жәрдем бөліміне 1300-ге жуық адам жүгінді, олардың 600-ден астамы көшеде жарақат алған", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Оған 12-13 ақпан күндері қала тұрғындарын қатты алаңдатқан көктайғақ себеп болды.
Оқи отырыңыз: ТЖМ аяз бен боранға байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады