"БерАли Мангистау Company"  бұрынғы қызметкерлері "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-де жұмысқа орналасу туралы ұсынысты қабылдады. Бұл туралы "Өзенмұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін олардың бұған дейінгі еңбек жағдайлары толық сақталады.

"Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі. "Өзенмұнайгаз" АҚ барлық мәселені қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуді қолдайды" – делінген хабарламада.