Астанада бес қаламаңы электр пойызы уақытша "Нұрлы жол" станциясынан жөнелтіледі
"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Нұр-Сұлтан 1" станциясында перронды сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіп жатыр."Нұр-Сұлтан 1" станциясында перронды сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында бес қаламаңы теміржол электр пойызы уақытша "Нұрлы жол" станциясынан жөнелтіледі, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
- "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар" қатынасындағы №6803 электр пойызы жөнелту уақыты – 7.30-да;
- "Нұр-Сұлтан – Көкшетау" қатынасындағы №6829 электр пойызы жөнелту уақыты – 8.08-де;
- "Ерейментау – Нұр-Сұлтан" қатынасындағы №6831 электр пойызы келу уақыты – 7.18-де;
- "Қарағанды – Бурабай курорты" қатынасындағы №7553 электр пойызы келу уақыты – 8.56 және кету уақыты – 9.20;
- "Бурабай – Қарағанды курорты" қатынасындағы №7556 электр пойызы сағат 19.20-да келіп, сағат 20.00-де жөнелтіледі.
Сондай-ақ, "Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" қатынасындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы станциясындағы тұраққа тұруы уақытша тоқтатылады. Қалған теміржол жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүреді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда пойыздың қанша пайызында кондицонер бар?
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі және @KTZH_PP_BOT» Телегармм боты арқылы алуға болады.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.