Қазақстанда пойыздың қанша пайызында кондицонер бар?

Елімізде 2,1 мыңнан астам вагонда (бұл – автопарктің 78 пайызы) кондицонер орнатылған. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері елімізде жолаушылар пойызы вагондарының қанша пайызында кондиционер бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Mgorod.kz жазды

Олардың айтуынша, елімізде 2,1 мыңнан астам вагонда (бұл – автопарктің 78 пайызы) кондицонер орнатылған. 

"Вагондардың 22 пайызында өндірушінің дизайнында қарастырылмаған. Мұндай көліктерде апатты жағдайдан басқа барлық кезде терезе ашуға болады. Кондиционер жоқ вагондар алдағы жылдарда қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тасталынады. Барлық заманауи вагон қазірдің өзінде кондиционерлермен жабдықталған", – делінген хабарламада. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025-2030 жылдар аралығында Қазақстанға 537 жаңа вагон келетінін мәлімдеді. Оларда кондиционер, бейнебақылау камерасы, экологиялық таза дәретхана, электр розеткалары және USB бар.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз