Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақпен батыр сәби дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Сәбидің 35 жастағы анасы бұл оның үшінші баласы екенін айтты. Өзге балалары да 4500 және 4050 гр үлкен салмақта дүниеге келген. Ол аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе акушері Залина Асановаға алғысы ерекше.

"Асқынусыз  босанды, бірақ, ерекше назар аударуды қажет етеді. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы – баланың дені сау және анасы бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты", – деді акушер.


Оқи отырыңыз: Елімізде Астана күнінде 1000 бала дүниеге келді


Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті.

"Перзентханамызды соңғы айда екінші осындай алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 келіден асатын сәби дүниеге келген", – деді ол.