Астанада банкте азаматтарды кепілге алған адам екі айға қамалды
Күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Астанада Каспи банкінің ғимаратында банк қызметкерлерін кепілге алған адам қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.
"2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қаруланған ер адам астанадағы банктердің бірінде қызметкерлерді тұтқында ұстап отыр
Айта кетейік, 18 маусымда Астанадағы Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап, іштегі банк қызметкерлерін кепілге алған еді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ешкім зардап шеккен жоқ.