Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Василий Левит. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,  екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.


Оқи отырыңыз: Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды