Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы шықты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

  • №20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың есімі берілді.
  • №27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтың есімі берілді.
  • №38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтың есімі берілді.
  • №64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді.
  • №94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді.
  • №89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының есімі берілді.
  • №44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.
  • №24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді.
  • №59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді.
  • №34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді.
  • №63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі берілді.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді