Астанада көліктік қызмет көрсетуді жақсарту аясында бүгіннен бастап №321 бағытта 59 орындықты "Iveco Crossway PRO" маркалы автобус жүреді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Бағдарға 2 автобус қызмет көрсетеді.

"Сәйкесінше бағдардың жүру кестесі өзгереді. Кестеге енгізілетін өзгерістер туралы cts_kz парақшасынан білуге болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: 400 автобус, жаңа көпірлер: Астанада кептеліс мәселесі қалай шешіледі?