Ұлттық тасымалдаушы "Астана–Бурабай" бағдары бойынша "Burabay Express" жаңа электр пойызын іске қосты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

"Burabay Express Comfort+ жаңа буындағы электр пойызы интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Отандық зауытта жиналған құрам №888/887 нөмірімен Астана-Бурабай курорты бағдары бойынша жүретін болады", – деп жазылған хабарламада.

Жаңа жүрдек пойыз бүгін Астананың "Нұрлы жол" вокзалынан Бурабайға алғаш рет аттанды.