ҚР Парламентінің Мәжілісі қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының аясында Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұра алатын адамдардың жаңа санаты енгізіледі. Олар – келесі жағдайларда қаза тапқан адамдардың жесірлері:

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау кезінде;
  • әскери қызмет кезінде;
  • адам құтқару кезінде;
  • қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде. 

Krisha.kz басылымының түсіндіруінше, бұл санатқа жататын адамдар жалпы кезекке тұрмайды. Жергілікті әкімдіктер оларға азаматтың қазасынан бір жыл мерзімнен кешіктірмей баспана беруі тиіс. 

Президент құжатқа қол қойған жағдайда өзгерістер 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Еске салайық, осы құжат қабылданған соң Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады. Сәйкесінше, азаматтарды есепке қою және оны жүргізу құқығы жергілікті әкімдіктерден Отбасы банкіне өтеді.


Оқи отырыңыз: "Ақша жинап, үй алуға болады дегенге сенбедім". Отбасы банк арқылы баспаналы болған адамдардың әңгімесі