Әскердегі сарбаздар кредиттік демалысты биылдан бастап ала алады
Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын зерттеу агенттігі арасында тиісті меморандумға қол қойылған.Әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс биылдан бастап беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Руслан Жангулин Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
"Мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Қаржы нарығын зерттеу агенттігі мен Қорғаныс министрлігі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Осы жылдан бастап әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс беріледі", – деді Руслан Жангулин.
Кредиттік демалысқа өтініш беру үшін банкке сарбаздың өзі баруы міндетті емес. Ол банктегі жұмысты атқару үшін жақын туыстарының біріне сенімхат бере алады. Сенімхатқа оның әскери бөлімде борышын өтеп жүргені туралы құжат негіз бола алады.
Оқи отырыңыз:
- Әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсе алады
- Погондағы жұлдыздар: әскери шендерді айыра білесіз бе? Тест
Еске салайық, 2023 жылы әскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотека берілуі мүмкін. Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Отбасы банкі əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатқанын хабарлаған болатын.