Армения биыл Қырғызстанда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының командалық-штабтық жаттығуларына қатыспайды. Бұл туралы ҰҚШҰ ресми сайтында жарияланған. 

Әскери жаттығуларға Армениядан басқа ҰҚШҰ ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларының ішкі істер министрліктерінің бөлімшелері, Қазақстан және Ресейдің ұлттық гвардиясының бөлімдері, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның арнаулы қызмет өкілдері, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның төтенше жағдайлар министрліктерінің бөлімдері және ҰҚШҰ Хатшылығын мен Біріккен штабының жедел топтары қатысады. 

"Армения тарабы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарлап отырмағанын хабарлады", – делінген ресми хабарламада. 


Оқи отырыңыз: ҚР СІМ: Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ