Депутат Ардақ Назаров қазақтың ұлттық мәдениетіне сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салуды сұрады. Ол бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында айтты.

"Соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатыр. Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталады. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Ұрық доноры, жасанды түсік, және ЛГБТ. ҚМДБ ғұламалар кеңесі биыл қандай пәтуалар шығарды?


Депутат ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп санайтынын айтты. Осы ретте Алтай Көлгіновтен бірнеше шара қабылдауды сұрады. Атап айтқанда:

  • Барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салуды;
  • Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақтап, Парламентке қарастыруға енгізуді;
  • Республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтарын оқытуды ұсынды.